Спорт • 22 Қараша, 2023

Ушудан әлем чемпионаты: Ұлттық құрама 4 медаль жеңіп алды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Даллас (Техас штаты) қаласында ушудан 16-шы әлем чемпионаты бүгін аяқталды. Ушу спортының санда түрінен Ұлттық құрама спортшылары 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ушудан әлем чемпионаты: Ұлттық құрама 4 медаль жеңіп алды

Фото: drs_kz

Күміс медальді Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (+90 кг) қаңжығасына байлады, ал, Ақниет Марат (75 кг), Бексұлтан Коскенов (65 кг), Ислам Каримов (56 кг) қола жүлделерді еншіледі.

Биылғы әлем чемпионатына 80-нен астам елден 800-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан жалпы есепте 16-сатыға тұрақтады.

Осыған дейінгі әлем чемпионаты 2019 жылы Қытайдың Шанхай қаласында өтіп, Ұлттық құрама Ислам Каримовтың (52 кг) қола жүлдесін қанағат тұтқан.