Саясат • 23 Қараша, 2023

«Қазақстан жастары» жобасы талқыланды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

«Қазақстан жастары» жобасы талқыланды

Жиында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлеу мәселесі талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші наша­қорлық пен лудоманияға қарсы күресу және осы індеттің алдын алу елімізде заң мен тәртіп қағи­дат­тарын түбегейлі орнықтыруға қатыс­ты жұмыстың маңызды бағыты екені­не тоқталды. Кеңес мүше­лері осы маңызды іске белсенді аз­аматтар­дың барынша атсалы­суы кез келген құқық бұзушы­лық­қа мүлдем төзбейтін қоғам қ­алып­тастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ кеңес отырысында жыл сайын әзірленетін «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасының жобасы талқыланды. Баяндамада әдеттегідей демография, денсау­лық, білім және ғылым, азамат­тар­дың экономикалық іс-әрекеттері және азаматтық-саяси үдерістерге қаты­суы сияқты маңызды әлеумет­тік өлшемдер қамтылған.

Кездесу соңында Ерлан Қарин бүгінде жүзеге асырылып жат­қан реформалар, ең алдымен, жастар­ға арналатынын және жастарымыз елдегі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші саналатынын атап өтті. Мемлекеттік кеңесші кеңес мүшелерін Қазақстан жастарына қатысты қордаланған мәселелерді тиімді шешу үшін әрдайым белсенді болуға шақырды.