Сенат • 23 Қараша, 2023

Келесі жылдан бастап бірнеше ұлттық жоба жойылады

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың кезекті отырысында Үкімет басшысынан депутат Жанна Асанова келесі жылдан бастап жойылатын ұлттық жобалардың неліктен қысқартылатынын сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келесі жылдан бастап бірнеше ұлттық жоба жойылады

senate_kz

Сенатор Премьер-министрден 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылатын ұлттық жобаларға артылған міндет қаншалықты іске асқанын сұрады.

«Үкімет тарапынан мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Тәсілдер өзгертіліп жетілдірілді. Енді ұлттық жоба болып нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған құжат саналады. Осы мәселелерді шешу үшін толығымен қаржыландырылған құжат болып есептеледі. Осыған байланысты үш ұлттық жоба бекітілді: «Қолайлы мектеп», «Ауылдық жердегі денсаулық сақтауды жаңғырту», «Қолжетімді интернет». Тиісінше бұрынғы 10 ұлттық жоба қысқартылды. Олардың ішіндегі индикатарлар,  барлық іс-шаралар салалық консепцияларында және мемлекеттік органдарының даму жоспарларында ескерілді. Осылайша түсінікті және сапалы бағдарламалық құжаттары қабылданды. Оларды қаржыландыру заңмен бектілген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы бағдарламалық құжаттардың іске асуының барысы Үкіметтің деңгейінде қоғам мен бизнес өкілдерінің қатысуымен талқыланып отырады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жыл сайынғы Үкіметтің есебі шеңберінде Парламентте де қаралатын болады», деді Ә.Смайылов.