Үкімет • 23 Қараша, 2023

Шетелдіктерге жер берілмейді, бұл мәселе талқыланбайды – Премьер-министр

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатында өткен брифингте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов  шетелдіктерге жер беріле ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдіктерге жер берілмейді, бұл мәселе талқыланбайды – Премьер-министр

primeminister.kz

«Жер туралы кодексте шетелдіктерге немесе шетелдік компанияларға және шетелдіктердің қатысы бар Қазақстанда құрылған компанияларға ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерді меншікке беруге немесе пайдалануға тыйым салынған. Ондай құқық тек Қазақстан азаматтарына ғана беріледі. Сондықтан да шетелдіктерге жер беру жөніндегі мәселе қарастырылып жатқан жоқ, тіпті қаралмайды да. Бұл біздің берік ұстаным. Осы мәселеге қатысты Мемлекет басшысы да нық байламын айтты», деген Үкімет басшысы Батыс Қазақстан  обылысында  Қытай инвесторына  жер беріледі деген жалған ақпарат екенін жеткізді.