Фото: Polisia.kz.
Ол қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Ақша салынған рюкзакты салонда досы ұмыт қалдырғанын ол білмеген.
Таксиге бір түнде 17 адамның отырғаны белгілі болған. Қиын әрі мұқият жұмыс барысында полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайларды анықтаған. Бейнекамераларды қарау барысында жоғалған сөмкені қолына ұстаған ер адам көзге шалынған.
30 жастағы жолаушы түнде такси салонында орындықтан рюкзакты көріп қалып, керек мекенжайға жеткенде, бөтеннің мүлкін қолына іле кеткен.
Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға оның қатыстылығы тексеріліп жатыр.