Ауа райы • 23 Қараша, 2023

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

735 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер республиканың 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Фото: sputniknews.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 24 қарашада Астанада түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстік-батысында қатты жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 30 м/с дейін жел соғады. 

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болып, қар жауады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай соғады, түнде оңтүстікте, күндіз облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Атырау облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады.

Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан солтүстік, шығыс, оңтүстік аймақтарға 23 м/с жел соғады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды ​​облысының батысы мен солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Қостанай облысының оңтүстігінде кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болып, тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы боран соғады. 

Қызылорда облысында батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с жел соғады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ, облыстың батысы мен оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде көктайғақ болады.