Turizm_jane_sport_ministrligi
Сала басшысымен өткен кездесуге облыстағы спорт федерацияларының басшылары, туризм бағытында шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері қатысты. 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 113 жаңа спорт нысаны салынады, қолданысқа берілген 26 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта жаңғыртылады. Қостанай облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байланыс арқылы «Тобыл-Арена» жабық футбол стадионы, «Қостанай» спорттық-ойын-сауық кешені, 50 метрлік жүзу бассейні және мұз спорт сарайы сияқты нысандар қайта жаңартылып, пайдалануға берілді.
Алдағы уақытта мамандандырылған спорт мектеп-интернат-колледжі ашылмақ. Министр Қостанай облысында қысқы спорт түрлері қарқын алып келе жатқанын, бірақ жазғы спорт түрлеріне де баса мән беру қажеттігін айтты.