Бұл туралы комментатор Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-арнасында ресейлік маманның бүгін, 26 қараша күні ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері болғанын хабарлады.
Бұған дейін «Ақтөбе» клубын «Елімайға» кеткен Андрей Карпович басқарды.
Ақтөбе 2023 жылғы Қазақстан чемпионатын үшінші орынмен аяқтады және келесі жылы Еуропа кубогінің іріктеу кезеңінде бақ сынайтын болады.
Еске салайық, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталғаннан кейін ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов Адиевтің қазақстандық клубтардың біріне бас бапкер болып тағайындалуы мүмкін екенін айтқан болатын.