Саясат • 27 Қараша, 2023

«Масс-медиа туралы» заң жобасы қаралады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

«Масс-медиа туралы» заң жобасы қаралады

Депутаттардың талқылауына «Масс-медиа туралы» және оған ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Заң жобасы осы саладағы бар­лық қатысушының мүддесі мен қоғамның сұранысын ескере отырып, БАҚ туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс білім беру және тәлім­герлік мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу заң жобасын да қарайтын болады.

Сонымен қатар депутаттар­ға Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығына қатысушы мемлекет­тердің аумақтарын санита­р­лық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келі­сімді ратификациялау және Мем­лекеттік корпорация мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда ұсынылады.

Жалпы отырыста Мәжіліс комитеттері бірқатар заң жобасын жұмысқа алады. Олар: құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысында үлес­тік қатысу мәселелері бойын­ша, мемлекеттік статистика және де­ректерді басқару туралы, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еура­зиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгі­зу туралы хаттаманы ратификация­лау мен оған ілеспе заң жобалары.