Үкімет • 27 Қараша, 2023

Алатау қаласының жоспары

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы және Қонаев қалаларының арасында Алатау шаһарының (G4 City) құрылысы жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Алатау қаласының жоспары

Жиында орталық мемлекеттік органдардың және өңір әкімдігі бас­шыларының қатысуымен қаланы дамыту тәсілдері қаралды. Жоспарға сәйкес бұл отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, жаһандық стандарттар бойынша жұмыс істей­тін Халықаралық биз­нес-хабқа айналуға тиіс. Бұл ретте Ду­бай, Сингапур, Тяньцзинь, т.б. сияқты әлемнің әйгілі орталықтарын құру тәжірибесі негізге алынбақ.

Атап айтқанда, Алматы облы­сын­дағы Алатау қаласын дамыту Қытаймен, Орталық Азия елдерімен сауда және инвести­ция­лық өзара іс-қимыл дең­гейін арт­тыруға, бірқатар жаңа өн­діріс­тік және коммерция­лық жо­баны іске қосуға, түрлі салада озық тәжіри­бені ен­гі­зуге мүмкіндік бере­ді. Осы мақ­­­сат­та инвестициялар тарту және кәсіп­керлік қызметті жүр­гізу үшін қолайлы жағдайлар жасалып, ынталандыру шаралары көзделеді. Бұл соның ішінде салық және кедендік артық­шы­лықтарға да қатысты.

Сонымен қатар Алатау қала­­­сының аумағында ерекше құ­­­қық­тық режімді, оның ішінде АХҚО құқығын енгізу мүмкіндігі қара­лады. Премьер-министр бұл жұмыстарды іске асыру кезінде халықаралық тәжірибені еске­ріп, тиімділігі жоғары шаралар­­ды қолдану қажеттігін атап өтті. Бұған қоса бизнеспен өзара іс-қимыл кезінде, атап айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестігі тетігі арқылы қажетті ин­ф­­ра­­құрылым құрылысын жан­дан­­дыру қажеттігі айтылды.