Спорт • 27 Қараша, 2023

Әттеген-ай! Балуан Ислам Байрамуков 23 жылдан бергі өкініші туралы айтты

1470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, балуан Ислам Байрамуков өмірінде неге өкінетінін ашық айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әттеген-ай! Балуан Ислам Байрамуков 23 жылдан бергі өкініші туралы айтты

"Алғашқы" бағдарламасына қонақ болған спортшы ширек ғасырға жуықтаса да сол Сидней Олимпиадасының бейнежазбасын мүлде көрмегенін жеткізді. 

"Өмірде неше түрлі жағдайлар болады ғой. Кәсіби спортшы болғаннан кейін осы саладағы әттеген-айымды айтайын, Олимпиада ойындарында финалға шықтым ғой. Финалда, өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Осы күнге дейін бейнежазбасын көрген жоқпын. 23 жыл өтті. Көргім де келмейді", - деді Ислам Байрамуков. 

Ол Сидней Олимпиадасынан жанында жара қалғанын атап өткен.

"Әлі де көргім келмейді. Жанға батқан жара бар. "Әттеген-ай, соңғы сәтте неге барымды салып, жеңіске жете алмадым?" деген ой әлі бар ішімде", - дейді спортшы.