Бірыңғай билеттің тағы бір артықшылығы рейстің кешігуі немесе ұшпауы мәлім болғанда ауысуға, сол бағыттағы пойызда қолдануға мүмкіндік береді.
Жолаушылар мұндай билеттерді әзірге Германияның 25 қаласына және Швейцарияның Базель қаласына қатынайтын пойыз қызметіне пайдаланады. Билет иелері екі көлік түріне де отырғызу талонын алады, сондай-ақ багажды өңдеу артықшылығы мен Франкфурт әуежайының AiRail тіркеу алаңының қызметіне қолдануға мүмкіндік беріледі.