Қоғам • 27 Қараша, 2023

Әскерилер күзгі бал мерекесін атап өтті

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Абай гарнизонындағы 54770 әскери бөлімінде  әскери қызметшілердің  «Алтын күз» атты күзгі бал мерекесі ерекше қызықты көріністерімен көз тартты. Патриоттық-мәдени шараға әскери бөлімдегі ең мықты сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Абай өңірлік әскери гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскерилер күзгі бал мерекесін атап өтті

Ашық дереккөз

Семей қаласындағы гарнизондық Офицерлер үйінде өткен шарада жас әскери мамандар ойын, ән, би арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеріп, таныстырылым мен сән байқауында сынға түсті. Нақтылап айтсақ, өзін таныстыру, өнер сайысы, жұптар арасындағы ойын, сұрақ-жауап, өзіндік шығармашылық дайындық және үй тапсырмасы сияқты алты кезең бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Әскери бөлімінің командирі, подполковник Қанат Танибергеновтің айтуынша,  жыл сайын ұйымдастырылатын балдың ауқымы да кеңейіп келеді.

- Алтын күз мерекесі жыл сайын ұйымдастырылып отыр. Мұндағы басты мақсат – әскери бөлімнің жеке құрамы мен олардың отбасыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Отбасылық қарым-қатынасты арттыру. Байқауда әскери қызметшілер өз өнерлерімен қатар білімдерін де ортаға салды. Дәстүрлі шараны алдағы уақытта да жоғары деңгейде, жаңа форматта өткізетін боламыз, - дейді подполковник Қ. Танибергенов.

Әділқазылар қатысушылардың өнері мен әр кезең бойынша жинаған ұпай санымен жеңімпаздарды анықтады. Осылайша тартысты да көңілді өткен байқаудың қорытындысы бойынша әділ-қазылардың шешімімен, Талант Мазақов пен Әсем Әлімбекова күз ханшайымы мен ханзадасы атанды.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025