Қоғам • 28 Қараша, 2023

Кәсіпкерліктің өндіріске әсері

196 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Сәтбаев қаласы халқымен кездесті. Бірнеше облыстық басқарма басшылары баяндама жасап, өз салалары бойынша қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер туралы айтты. Қала әкімі Шапағат Әубәкірдің баяндамасында негізінен қаланың алдағы даму жоспары сөз болды.

Кәсіпкерліктің өндіріске әсері

Қаланың әлеуметтік-эко­но­ми­калық даму барысы кездесудің негізгі ар­қауына айналғанын атап өткен орынды. Қаныш қаласы – кеншілер қаласы. Қала тұрғындарының 80%-дан астамы «Қазақмыс» корпорациясының құ­ры­­­лымдарында жұмыс істейді. Негізгі бюджеттік түсім де «Қазақ­­мыс» құры­лым­дарынан түседі. Ста­тис­­тикаға сүйенсек, биыл­ғы 10 айдың қоры­тын­дысы бойынша қалада өнеркәсіп өнді­рі­сінің көлемі 75,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 9,4%-ға өсті. Ал Қаладағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны – 4 415. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті мер­зі­мінен 21,3%-ға артық.

Негізгі капиталға салынған инвес­ти­­­циялар көлемі 47,3 млрд тең­гені құра­­­ды немесе 2022 жылдың тиісті кезе­­ңіне 23% өсімді кө­р­сетті. Егер тар­­қа­тып айтар болсақ, «Жезқаз­ған­цвет­­мет» ӨБ – «Қазақмыс корпора­ция­сы» ЖШС филиалы бойынша – 39 млрд 365 млн теңге, бюджеттік инвес­ти­ция­лар – 2 млрд 029 млн теңге, қалған ұйым­дар мен кәсіпорындар бо­йынша 5 млрд 933,1 млн теңге болды.

цк

Қазіргі кезде қалада жалпы құны 75,6 млрд теңгені құрайтын бірнеше инвес­­ти­ция­лық­ жобаның пулы қалып­­тас­ты­рылған. Солар­­ды­ң бірі – «Сәтбаев минералды және жеміс сулары­ зауыты» ЖШС «Ұлытау» мине­ралды су өн­ді­­­рісін жаңғырту жобасы ая­сында лимо­­надтар мен шай құю желісін іске­ қосу. Бұл жобаның жалпы құны 420,7 млн тең­гені құрайды. Жобаны іске қосу 2024 жыл­­дың 1-тоқсанына жоспарланып отыр.

Тағы бір жоба «Құс етін өңдеу мақ­са­тында сою цехы» іске қо­сыл­­ғанда жылына 5 мың тонна құс еті өндірілмек және 50 тұрақты жұмыс орны пайда­ бола­ды. Бұл жобаның пайдалануға бері­­луіне де көп қалған жоқ. Келер жыл­дың алғашқы тоқса­нын­да жоба іске қо­сы­лады.

Кездесу барысында әртүрлі мәсе­ле­ сөз болатыны­ бел­гілі. Халық тара­пынан ком­му­налдық қызметке көңіл тол­мау­шылық, тарифтердің жиі кө­те­­рі­летіне деген қынжылыс байқалды. Ден­сау­лық сақтау саласындағы түйткілдер де назардан тыс қалмады. Сайып кел­генде көп нәрсе экономикалық жағ­дай­ға байланысты. Мұны да түсіну керек. Моноқала мәртебесі бар қаланың бүгі­ні­нен гөрі ертеңі көбірек алаңдатады. Сон­дықтан да қалада шағын және орта кәсіп­кер­лікті дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашудың маңызы өте зор. Бұл ретте қол­ға алынып жатқан ша­ра­­лар ертеңге деген сенімді нығайта түседі.

 

Ұлытау облысы,

Сәтбаев қаласы