Спорт • 28 Қараша, 2023

Криштиану Роналду әлемдік рекорд орнатып, тарихқа енді

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Криштиану Роналду әлемдік рекорд орнатып, тарихқа енді

Сауд Арабиясының Аль-Наср командасының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Vesti.kz-тің жазуынша, бұл маңызды оқиға Сауд Арабиясы чемпионатының 14-ші турындағы «Аль-Ахуд» командасына қарсы өткен ойыннан (3:0) кейін болды. Осы кездесуде Роналду дубль жасады. Әсіресе, португалиялықтың соққан екінші голы керемет болды.

Бұл дубль 38 жастағы Криштиануға тағы бір жетістікке жетуге мүмкіндік берді: қазір оның ұлттық дивизиондарда соққан 527 голы бар. Роналду футбол тарихындағы жоғарғы лигаларда ең көп гол соққан алғашқы ойыншы болды.

Осылайша, португалиялық бұл көрсеткіш бойынша 1931-1957 жылдар аралығында Австрия мен Чехословакия чемпионаттарында өнер көрсетіп, 526 гол соққан шабуылшы Йозеф Биканды басып озды.

Клуб бойынша Роналдудың гол статистикасы төмендегідей:

Реал Мадрид – 311
Манчестер Юнайтед – 103
Ювентус – 81
Әл-Наср – 29
Спорт – 3

Айта кетейік, Роналду - ресми матчтарда, ұлттық құрамаларда, Еуропа чемпионаттарында, клубтық деңгейдегі халықаралық матчтарда, УЕФА Чемпиондар лигасында, клубтар арасындағы әлем чемпионатында футбол тарихындағы үздік бомбардир.