Спорт • 28 Қараша, 2023

Кикбоксингтен әлем чемпионатында Ұлттық құрама 22 медаль олжалады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалияның Албуфейра қаласында 70 елден 573 спортшы қатысуымен кикбоксингтен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында фулл-контакт, лоу-кик, К1, кик-лайт аталатын төрт бөлім бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5 алтын, 5 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Кикбоксингтен әлем чемпионатында Ұлттық құрама 22 медаль олжалады

Фото: ©kazsports.kz

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім қылды.

Фулл-контакт:

Алтын – Марғұлан Айдарұлы (75 кг)
Күміс – Данияр Жарасов (54 кг), Аслан Асылбеков (57 кг), Мақсат Үсіп (71 кг), Тимур Ғанза (81 кг)
Қола – Дінмұхамед Баймұратов (51 кг), Батырхан Қуандықов (67 кг).

Лоу-кик:

Алтын – Диас Карманов (57 кг)
Күміс – Алихан Оздоев (67 кг)
Қола – Алина Төлегенова (52 кг), Бейбарыс Сауханбек (60 кг), Шара Хамзина (65 кг).

К1:

Алтын – Нұрсұлтан Жұмабаев (51 кг), Арсен Сойырқас (54 кг), Нұрдаулет Қалшора (57 кг)
Қола – Шыңғысхан Тілемісов (63,5 кг), Берік Қалықов (71 кг), Руслан Степанов (81 кг), Гүлбану Саматова (70 кг), Салават Рахимзанов (91 кг).

Кик-лайт:

Қола – Мереке Жүнісова (+70 кг), Фазлиддин Сафаров (+91 кг).