Саясат • 29 Қараша, 2023

Мұнайға қатысты құжат

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты талқылады.

Мұнайға қатысты құжат

Талқыға түскен құжат «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Ресей Федера­циясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хат­таманы ратификациялау туралы» заң деп аталады.

Заңның мақсаты – Қазақстан Рес­пуб­ли­касы мен Ресей Федерациясы арасын­дағы Мұнай және мұнай өнім­дерін жеткізу саласындағы сауда-эко­номикалық ынты­мақтастық туралы келісімге енгізілген өзгерістерді заңды түрде ресімдеу. Хаттамада Келісімнің 3-бабына Ресейден Қазақстанға әкеті­летін мұнай мен мұнай өнімдерін уақытша мерзімді кедендік деклара­циялаудың күшін жою туралы өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Мұнай мен мұнай өнімдерін керек-жарақ ретінде әкету үшін, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін 2022-2024 жылдары құбырмен жеткізуге ерекше жағдайлар белгіленеді.

Комитет мүшелері талқылау қоры­тындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.