Кездесуге қатысушылар Шарттың рухы мен қағидаттарына сәйкес екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сенатор Андрей Лукин біздің мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты диалог жүргізіп отырғанын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей қатынастары барлық салада жоғары даму қарқынын паш етіп келеді.
«Екі мемлекеттің басшылары белгілеген тығыз ынтымақтастықтың жоғары деңгейі заң шығармашылығы және заң шығару институттары саласына да ықпал етеді. Қоғамдық-саяси үдерістердегі Парламенттердің маңызы зор екенін ескере отырып, қазақстандық тарап егемендікті өзара құрметтеу қағидаттары мен туындайтын мәселелердің ортақ шешімдерін іздестіруде Ресеймен тепе-тең диалог орнатуға ерекше назар аударады. Қазақстан бауырлас мемлекеттердің, оның ішінде Парламенттер палаталарының өкілдері арасындағы тиімді парламентаралық өзара іс-қимылды дағдылы түрде жақтап келеді», деді Андрей Лукин.
Сенатор сонымен қатар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы кездесуге қатысушыларға айтып берді және Ресей Федерациясы тарапынан қолдау және ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарттың маңыздылығын атап өтті.
«Шарт екі мемлекет азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын, Қазақстан мен Ресейдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге ықпал етті. Сонымен қатар бұл халықаралық-құқықтық құжат ынтымақтастықтың дәстүрлі ғана емес, жаңа, жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды салаларды дамытуға арналған базаны қамтамасыз етті. Шарт халықтың денсаулығын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастыққа, экологиялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді», деп атап өтті сенатор А.Лукин.