Қазақстан • 29 Қараша, 2023

АҚШ-та ядролық қаруға тыйым салу мәселесі талқыланды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның бас ғимаратында 27 қарашада басталған Ядролық қаруға тыйым салу шартына (ЯҚТСШ) қатысушы елдердің екінші конференциясына Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та ядролық қаруға тыйым салу мәселесі талқыланды

Фото: gov.kz

Сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришпен кездесті. БҰҰ Бас хатшысы қазіргі геосаяси жағдайдағы еліміздің маңызды рөлін және Мемлекет басшысының тиімді дипломатиясын жоғары бағалап, Қазақстанның жаһандық ұйымның бітімгершілік миссияларына қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді.

Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздану мәселелері жөніндегі орынбасары Изуми Накамицумен де кездесіп, жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайту және ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамаларды талқылады. Оның ішінде Қ.Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру жөніндегі бастамасын іске асыру жайына тоқталды.

Ал, Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық науқанның (ICAN) атқарушы директоры Мелиса Парк ядролық қаруға тиым салу бойынша шартқа қатысушы елдердің үшінші конференциясына Қазақстанның төрағалық етуін қолдап, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.