Қоғам • 29 Қараша, 2023

Елімізде алимент төлемеген 6 мың борышкер жауапқа тартылды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алимент төлемеудің негізгі себебі – борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Елімізде алимент төлемеген 6 мың борышкер жауапқа тартылды

«Жағдайды шешу үшін кәсіпкерлерді тарта отырып 200-ге жуық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жұмыспен қамту органдарында 20 мың жұмыссыз борышкер есепке алынды, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналасты. 500-ден астам түрлі ынталандыру шаралары өткізілді (акция, рейд, әлеуметтік ролик, билбордтар және басқалар)», делінген хабарламада.

Сонымен қатар алимент өндіруден жалтарған 6 мыңға жуық борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 700 қадағалау актісі бойынша тәртіптік жазада 825 жеке сот орындаушы жазаланды.

«Жүйелі және кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде проблемалық іс жүргізулердің санын үштен бірге дейін қысқартуға мүмкіндік берді немесе 75 мыңнан 50 мыңға дейін. 140 мың баланың пайдасына 23 млрд теңгеге қарыз өтелді, сонымен қатар қарыз есебіне борышкерлердің 322 мүлкі өндіріп алушыларға берілді. Бүгінде қарыз сомасы 22 млрд теңгені құрайды», деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше