Денсаулық • 29 Қараша, 2023

Қызылшаға қарсы үнді вакцинасын қолдануды жалғастырамыз - министр

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшаға қарсы қолданылатын вакцина туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылшаға қарсы үнді вакцинасын қолдануды жалғастырамыз - министр

Фото: ortcom.kz

Министрдің айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін қызылшаға қарсы үнді вакцинасы әлемнің 70 елінде қолданылады. 

«Бұл вакцина елімізде 10 жылдан бері қолданылып келеді. Осы жылдар ішінде жанама әсерлер немесе асқынулар болған жоқ. Вакцина ДДҰ сертификатына ие, ол балаларға қолдануға ұсынылған. Біз жыл сайын қолданылатын барлық вакциналарды өзгертпеуге тырысамыз. Еліміздің онжылдық тәжірибесін ескере отырып, біз үнді вакцинасын қолдануды жалғастырамыз», деді Ажар Ғиният ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Еске салайық, кеше елімізде 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырғанын хабарладық.