Аймақтар • 29 Қараша, 2023

Дархан Сатыбалды: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне лаңкестік әрекет жасалмақ болды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне лаңкестік әрекет жасалмақ болғанын айтты. Осы оқиғадан кейін әкімдік кесенеге стратегиялық мәртебе беруді сұрап Үкіметке арнайы хат жолдаған, деп жазады Egemen.kz.

Дархан Сатыбалды: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне лаңкестік әрекет жасалмақ болды

Түркістан облысының әкімі кесене аумағында теракт жасау әрекеті қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайтынын тілге тиек етті. Осыған орай, түркі жұрты үшін маңызды кесенені ерекше күзетпен қамтамасыз ету сұралған. 

«Теракт жасау әрекеті ақпан айында болды. Мен өзім БАҚ-тағы ақпараттың арқасында білдім. Менің мәліметім бойынша, мұндай әрекетті Тәжікстан азаматы, шетелдің азаматы жасамақ болған көрінеді. Ол басқа ағымның жақтаушысы болуы мүмкін. Неге мұндай әрекетке барғанын білмеймін, айта алмаймын. Біз Үкіметке кесенені стратегиялық нысандар тізіміне қосуды сұрап хат жолдадық. Тізімге енгізілгеннен кейін арнайы күзетпен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары жүргізіледі», деді Дархан Сатыбалды.