фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
«Жалпы, халық тарапынан сенім бар. 10 айдың ішінде жоспарлы вакцинациялауға келмегендердің пайызы аз, 10 пайыз ғана. Олар шындығына келгенде антиваксерлер деп аталатын кейбір сарапшыларға құлақ асатын адамдар. Діни наным-сеніміне байланысты бас тартатын адамдар да кездеседі», деп түсіндірді Ажар Ғиният.
Сондықтан негізінен жас балалар зардап шегетінін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды ақпараттық жұмыстарды жүргізе бастады.
«Вакцина қауіпсіз және тиімді. Мен мұны дәлелдеу үшін 5 жасар немеремді емханаға әкеліп, екпе салдырдым», деп қосты министр.