Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер, қалған 9 адам - Қазақстан Республикасының азаматтары.
Айта кетейік бұған дейін қала әкімі Е.Досаев өрт кезінде қай елдің азаматтары қаза тапқанын айтқан еді.
Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылған еді. Кейінірек Алматы қаласы ТЖД өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.