Футбол • 30 Қараша, 2023

Бүгін «Астана» өз алаңында «Динамоны» қабылдайды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан УЕФА Конференциясы лигасының кезекті матчтары болады. Онда 8 топқа бөлінген Еуропа елдерінің 32 клубы 5-турдағы ойындарын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін «Астана» өз алаңында «Динамоны» қабылдайды

«Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» клубымен кездеседі. Бұл командалар С тобында ойнайды. Олардан басқа, топта Чехияның «Виктория Пльзень» мен Косовоның «Балкани» командалары бар. Қазір турнир кестесінде чехиялық команда 4 ойыннан кейін 12 ұпай жинап, көш бастап келеді. 

Екінші орынды «Астана» ұстап тұр. Астаналықтар 4 матчта 4 ұпай жинады. Бір ойында жеңіп, бір матчта тең түсіп, екі кездесуде жеңіліс тапты. Үшінші орынды «Астана» сияқты бір ойында жеңіп, бір матчта тең ойнап, екі кездесуде қарсыластарына есе жіберген «Балкани» иеленіп отыр. Косовоның жасағында 4 ұпай бар. Ал соңғы орында 3 ұпай алған «Динамо Загреб» командасы тұр.

Еске сала кетсек, «Астана» сырт алаңда «Динамо Загребке» 1:5, өз алаңында «Виктория Пльзеньге» 1:2 есебімен жеңілді. «Балканиді» Косовода 2:1 есебімен жеңсе, өз алаңында 0:0 есебімен тең ойнады.

Бұған дейін «Астана» мен «Динамо Загреб» 5 рет ойнаған. Соның бәрінде хорватиялық клуб жеңген.

Айта кетейік, матчты бүгін сағат 21:20-да «Qazaqstan» ұлттық арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.