Оқиға • 30 Қараша, 2023

Хостелдегі өрт: Қаза болғандардың отбасына 1 млн теңге беріледі

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімдігі қаза болғандардың мәйітін тасымалдауға көмектесіп, олардың отбасына 1 млн теңгеден ақшалай жәрдем берілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Хостелдегі өрт: Қаза болғандардың отбасына 1 млн теңге беріледі

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

«Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік қаза болғандардың мәйітін  туған жеріне тасымалдауға жәрдемдеседі. Бұдан басқа, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектеседі және олардың отбасына 1 млн теңге қаржылай көмек беріледі», делінген хабарламада.

Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза болғандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: + 7 707 779 07 08, +7 777 312 08 08.