Аймақтар • 30 Қараша, 2023

Бәсекелестікке бейімделіп келеді

81 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әрбір ауылдың тұрғындарына хат-хабар, газет-журналдарды кешіктірмей жеткізіп келген «Қазпошта» жұмысына бүгінде айтылар сын аз емес. Сол сын­нан қорытынды шығару мақ­са­тында атқарылып жатқан жұ­мыстар да баршылық және көп­шілік пошташылардың бә­секе­ге қабілетті мекеме ретінде сапалы қызмет көрсе­туінен үмітті.

Бәсекелестікке бейімделіп келеді

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

«Қазпошта» АҚ Түркістан об­лыс­тық филиал директоры Азат Ильясовтің айтуынша, геогра­фиялық енудің ең жоғары деңгейіне ие мекемеде 1 155-тен аса қызметкер жұмыс істейді. Өңірде 14 аудандық пошта байланыс торабы – 306, оның ішінде 237 ауылдық, 59 қа­лалық бөлімше, 10 серіктестік нүк­те бар. Сондай-ақ барлық бөлім­ше­де пошталық, логистикалық, қар­жы­лық, агенттік, электрондық қыз­­меттер ұсынылады. Әр аудан, ауыл тұрғыны өзіне қа­жетті тауарды жақын «Қазпошта» бөлімшесінен, сәлемдемелер супер­мар­кетінен немесе «Есіктен есікке» курьер арқылы мекенжайына жеткізіп беру қызмет түрін пайдалана алады.

«Биыл 8 айдың қоры­тындысында «Қазпошта» АҚ-тың электронды коммерцияны және қар­жылық қыз­меттерді дамы­туы есебінен, соны­мен қатар шы­ғын­дарды оңтай­лан­дырудың нәти­же­сін­де табысты мекемеге айналып, был­тырғы мен са­лыстырғанда 44 пайызға немесе 16,7 млрд теңгеге артты. «Қазпошта» өз фулфилмент орталықтарын дамытып, отандық және шетелдік танымал маркетплейстер үшін тапсырыстар беру бекеттерін ашып, қоймалар мен поштамат желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол жобалардың бірі – шетелдік танымал маркетплейстерден клиенттеріміздің тапсырыстарын беруге қолайлы болу үшін 2023 жылдың 1 қарашасында Qazpost Keruen жаңа сервисіміз іске қосылды. Америкалық және еу­ро­палық танымал онлайн дүкендер елі­мізге өз тауарларын жеткізіп бере алмайды, сол себепті бұл қыз­метті қосу қолға алынды. Себебі халық­тың басым бөлігі Қытай, АҚШ, Еуропадан келетін тауарларына көп сұраныс жасайды. Сондықтан «Қазпошта» осы сұраныстарды еске­ре отырып, тапсырыстарды ресімдеудің ың­ғайлылығымен, қолжетімді баға­да тауарлардың еліміздің кез келген нүктесіне тез жеткізуін әрі жөнел­туін жүзеге асырады. Биыл қыз­меткерлерімізге 30 жыл­дық ме­рейтой аясында тұңғыш рет Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың атынан мемлекеттік наг­радалар табыс етілді. Оның ішінде Төлеби аудандық пошта байланыс торабында 41 жыл бойы адал еңбек етіп келе жатқан Забайра Ұлтанбаева «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар Шардара ауда­ны пошта байланыс торабында 42 жыл қызмет атқарып келген пош­та байланыс торабы бастығының орынбасары Айша Акимбекова Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қолынан «Еңбек ардагері» медалін алды. Бірқатар қызметкеріміз пошта саласының әлеуметтік-эконо­микалық да­муы­на қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімінің Алғысхаты және гра­мо­та­сымен марапатталды», дейді А.Ильясов.

«Қазпошта» халыққа сапалы қыз­метті көрсету үшін брон­дал­ған авто­техникаларын алып, инфра­құры­лымдарды қалпына келтірген. Мул­тимодальды қоймалармен ло­гис­­тикалық және сауда хабын салуға өңір­лерде облыс әкімдігінің қол­дауымен жер учаскесі бөлініп, мемо­рандумға қол қойылған. Сондай-ақ «Қазпошта» мемлекеттік-әлеу­мет­тік қызметтер көрсету үшін ауыл­дық пошта бөлімшелерін көп­фун­к­ционалды қызмет көрсету орта­лықтарына айналдырмақ. Яғни тиіс­ті министрліктің қолдауымен «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­­­лекеттік корпорациясының қыз­мет түрін ауыл тұрғындары пош­та бөлім­шелерінен алады.

 

Түркістан облысы