Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Себебі мен салдары

276 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жоғарғы сотта Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкеновтің төрағалығымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кеңес өтті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Себебі мен салдары

Кейінгі кездері қоғамда кеңі­нен талқыланып жатқан өзекті мәсе­ле туралы ой бөліскен жиын­ға Бас прокурордың орын­ба­сары Әсет Шындалиев, Ішкі істер министрінің орынбасары, поли­ция генерал-лейтенанты Игорь Лепеха, Республикалық адво­кат­тар алқасының төра­ғасы Айдын Бикебаев, Бала құ­қық­тары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Жоғарғы сот­­тың судьялары, ғалымдар мен адвокаттар, жергілікті сот­тар­дың судьялары қатысты.

Қылмыстық істер жөніндегі сот ал­қа­сының төрағасы Әбдірашид Жүкеновтің ай­туын­­ша, елі­мізде ұрып-соғу және ден­саулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру құқық бұзу­шылықтары Қылмыстық кодек­стен Әкім­ші­лік құқық бұзу­шылықтар туралы кодекске бірнеше рет ауысты­рыл­ды. Бұл әкімшілік жауап­кер­шілік шеңберінде осы құқық бұзушылықтардың анық­­талуын арттырды. Ал осы әкімшілік құқық бұзу­шы­­­­лықтарды қылмыстық са­натқа ауыстыруға байланысты өзге­рістер, керісінше, елдегі тұр­мыстық қылмыстың жағ­да­йына теріс әсер етті. Мәсе­лен, 2015 жылға дейін отбасында ойран салатын 3,5-4 мыңға жуық адам денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, Қылмыстық кодекстің қа­былдануына байланысты олардың саны 6 есеге дейін қыс­қарған. Ал 2017 жылы оны қай­тадан Әкімшілік құқық бұзу­­шы­лықтар туралы кодекс­ке ауыс­тырғаннан кейін тір­­­келген істер саны 10 еседен астам өсті.

– Осыған байланысты негізгі екі мәселеге назарларыңызды аударғым келеді. Біріншіден, біз көбіне соттарды кінәлауға асығамыз. Заңдарды қатайту туралы айтамыз, бірақ пробле­ма­ның тамырына үңіле бер­мейміз. Шын мәнінде, біз жасалынатын қылмыстардың сал­дары емес, се­беп­терін зерттеумен айна­лысатын кримино­логия ғы­лы­мы туралы ұмытып кеттік. Тұрмыстық зорлық-зомбы­лық­тың да себептерін нақты анықтау мақсатында кри­минологияны ғылым ре­тін­­де қалпына келтіру қа­жет. Екін­шіден, құқық бұзу­шы­­ларды жауапқа тарту үр­дісін оңайлату керек. Мә­се­лен, сот жанжалқойды қоғам­дық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарады, бірақ оны қа­лай іске асыру керек? Қандай жұмыстарға, қалай тартамыз, ол жағы нақты қарастырылмаған. Сонымен бірге отбасына ойран салғандарды бірінші рет 20 тәулікке, қайталанса 45 тәу­лікке қамау туралы айтып жа­тыр­мыз. Ол үшін құқық бұзу­шыларға арналған қамау үйле­рін салу қажет. Осыған дейін бұған қаражат жоқ делініп кел­ді. Алайда қаражатты тауып, атал­ған бастаманы жүзеге асыру маңызды, – деді Әбдірашид Жүкенов.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалардың көбі жасырын қалып жатыр. Шын мәнінде, әрбір үшінші әйел күйеуінен зәбір көреді екен. Ал мемлекет бұл проблеманы шешу үшін қанша жылдан бері күресіп келеді.

– Еліміз адам және әйел­дер құқықтары, гендерлік тең­дік, т.б. халықаралық кон­вен­циялар­ды ратификациялады. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы», басқа да бірқатар заң­­ды қабылдады. Жол кар­­та­лары, бағдарламалық құ­жат­тар және бірлескен жоспарлар жасалды. Бір сөзбен айтқанда, заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр. Алайда біз кезек­ті отбасылық-тұрмыс­тық қыл­мыс жасалса, бірден жазаны қатаңдату туралы айта бас­тай­мыз. Ал жаза қатайтылып жатыр. Сонда бұл қылмыстың жалғаса беруінің себебі не? – дейді Бас прокуратура өкілі.

Ол Мәжіліс депутаттарының Қылмыстық кодекстің 106 және 107-баптарына өзгеріс енгізу ту­ралы бастамаларын қол­дай­тынын жеткізді. Депутат­тар денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргендер үшін «бас бостандығын шектеу» жаза­сын алып тастап, тек бас бос­тандығынан айыруды қал­дыруды ұсынып жатыр. «Әрине, біз бұл бастаманы қолдаймыз. Кінәлілер лайықты жазасын алуы керек», деді Ә.Шындалиев.

Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Игорь Лепеха биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырма­сы­мен Парламент депутаттарымен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауап­кер­шілікті қатаңдату бойынша заң­намалық өзгерістер енгізіл­генін айтты.

– Біріншісі – 19 мамырда Қыл­мыстық кодекске енгізіл­ген өзгеріс­тер заңдық күші­не енді. Ең көп таралған тұр­мыс­тық зорлық-зомбы­лық­тар бойынша «кінәлі адамға ма­те­риалдық және басқа да тә­уелді тұлғаға қатысты іс-әре­кет­тер жасау» деген белгі енгі­зілді. Енді тұрмыста денсау­лық­­қа ауыр немесе орташа зиян келтіргендерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айы­ру жазасы тағайындалуы мүм­кін. Екіншіден, 1 шілдеден бастап әкімшілік заңнамаға өзге­­рістер еніп, отбасылық-тұр­­мыстық саладағы құқық бұ­зу­­шылықтар жасағандарды қамау мерзімі өсті. Бұдан былай олар ең кемінде 5 тәулікке қамалады. Атап айтқанда, құ­қық бұзушылықтарды алғаш жаса­ғандар 5, 10, 15 тәулікке, ал қайталағандар 25 тәулікке дейін темір торға тоғытылады. Бұған дейін бұл жаза түрі 1 және 3 тәулік аралығында ғана болатын, – деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, жанжал­дас­қан тараптар арасын­дағы татуласу процедурасы да қа­таң­­да­тылған. Қазір тек бір рет қана, оның өзінде сотта ғана тату­ла­суға мүмкіндік бері­ле­ді. Ал бұрын татуласу санында шектеу жоқ болатын. Сондай-ақ бұған дейін зәбір көр­ген адамның өзінен арыз бол­маса, полиция іс қозғай алмайтын еді. Соның салдарынан оқиғалардың 60 па­йызында жанжалқойлар жазадан құтылып кететін. Енді полиция қызметкері кез келген адамның хабарлауы бойынша оқиға орнында әкімшілік іс қоз­ғай алатын болды.

– Биыл алғашқы 10 айдың ішінде отбасында жанжал шы­ғар­ған 61 мың адамға қа­тысты әкімшілік іс тіркелді. Сот­тың шешімімен 15 мыңнан астам адам қамауға алынды. Учас­ке­лік инспекторлар зор­лық-зомбы­лықтан қорғау бойынша 75 мың қорғау ұйғарымын шы­ғарды, – деді Игорь Лепеха.

Жиын барысында өзге де қатысушылар сөз алып, тұр­мыс­тық зорлық-зомбы­лық­тың себеп-салдары жайында ойларымен бөлісті.