Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 желтоқсан күні таңертеңнен бері қалада 50 жол-көлік оқиғасы орын алған.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, күрт тежемеуді және қашықтықты сақтауды сұраймыз», делінген хабарламада.
Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақтық танытып, жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуі керек. Жол қозғалысы ережелерін елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Еске сала кетейік, Астанада синоптиктердің мәліметінше, 1 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады.