Спорт • 01 Желтоқсан, 2023

Қыздар қайрат танытты

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армения астанасы Ереванда бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін боксшылар жартылай финалдық жекпе-жекті бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыздар қайрат танытты

Фото: iba.sport

Еліміздің 16 жасқа дейінгі ерлер және қыздар командасында жартылай финалға  жеткен боксшыларымыз әлем чемпионатының финалына өту үшін барын салатыны сөзсіз. Қыздар арасындағы додада 48 келіде Сила Биболсынқызы үндістандық боксшыға қарсы айқасады. 50 келіде Гаухар Зәрден ресейлік боксшының күшін сынаса, 52 келіде жартылай финалға жеткен Айша Сариева тәжікстандық қарсыласымен жекпе-жек өткізеді. 54 келі салмақта Аяжан Сыдық поляк боксшысына қарсы жекпе-жекке түседі. 60 келіде Толғанай Қасымхан грузин боксшысына қарсы жұдырықтасады. Алина Құдайгенова (63 келі) үндістандық боксшымен жолы түйісіп отыр. 66 келіде Айсұлу Мұхиттың жартылай финалдағы қарсыласы Ресей спортшысы. 80 келі салмақта сынға түскен Құралай Егінбайқызы да Ресей спортшысын ұтса, финалға шығады.

Ерлер додасында екі боксшымыз ғана медальға қол жеткізіп отыр. Бүгінгі жартылай финалдық жекпе-жекте 48 келіде Нығман Нығмет Армения боксшысымен айқасса, 54 келіде сынға түсетін Нұрасыл Төлебек Польша боксшысымен жекпе-жек өткізеді.