Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы жолмен жүру ақысын күнтізбелік 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін еске салады.
Осы ретте төлем жасаудың 20-дан астам әдісі бар.
Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы.
Сегізінші күні Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 628-бабына сәйкес айыппұл есептеледі.
Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері — 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін — 10 АЕК (2023 жылы 1 АЕК көлемі — 3 450 теңге).
«Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы жолдың ақысын уақтылы төлеуі керек. Сонымен бірге берешегі бар автокөлік иелерін тарифке сәйкес қарызын өтеуге шақырамыз» дейді министрліктен.