Спорт • 02 Желтоқсан, 2023

Төрт боксшымыз финалда айқасады

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арменияның Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жартылай финалдық айқасы өтті. Елімізден барған боксшылардан төрт  спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрт боксшымыз финалда айқасады

iba.sport

Қыздар арасындағы  жекпе-жекте  54 келіде Аяжан Сыдық  Польша боксшысы  Зузанна Голебевсканы жеңді. Енді әлем біріншілігінің алтын медалі үшін  үндістандық Амиша Керкеттаға қарсы айқасады. 60 келі салмақта Толғанай Қасымхан  ресейлік Кира Леновамен жекпе-жекке түседі. 66 келі салмақта Айсұлу Мұхит румын Амалия Тогумен жұдырықтасады. Ерлер сынында Нұрасыл Төлебек қана финалға өтті. 54 келі салмақта Нұрасыл  Үндістан боксшысы Джатинге қарсы  айқасады.