Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023

Ойнап кетіп, оралмаған: Түркістанда 4 жасар бала екі күннен бері табылмай жатыр

906 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 желтоқсан күні  кешкі уақытта полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ойнап кетіп, оралмаған: Түркістанда 4 жасар бала екі күннен бері табылмай жатыр

Жоғалған бүлдіршінді табуға полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларымен жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіп жатыр.

Жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданған. Іздеу жұмыстарына еріктілер мен тұрғындар да тартылды.

«Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім (галош) болған. Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.