Ауа райы • 04 Желтоқсан, 2023

Павлодарлықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды

1781 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалада бір мезгілде қар мен жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарлықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды

Instagram желісіндегі павлодарлық қоғамдық парақшалардың бірінде әдеттен тыс ауа райы құбылыстары бейнеленген видео пайда болып, Қазнет қолданушыларын таңғалдырды.

Кадрларда боран мен жаңбырмен бірге күн күркіреп, найзағай ойнаған. Ауа райы құбылыстарының мұндай сирек үйлесіміне павлодарлықтар куә болған.

«Ауа райы бұзылды», деп жазады қолданушылар Tipavlo жазбасының астындағы түсініктемеде.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда республикалық маңызы бар тасжолдың бес бөлігі жабылды. 13 облыста дауыл болатыны ескертілді.