Спорт • 04 Желтоқсан, 2023

Қазақстанға Куба боксшылары келді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға бокстан Кубаның ұлттық құрамасы келді, деп хабарлайды Egemen.kz бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанға Куба боксшылары келді

Фото: boxingkazakhstan

Бокстан ұлттық құрама мүшелері Куба боксшыларымен тізе қосып оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бүгіннен басталатын бірлескен жаттығу өрісі 16 желтоқсанға дейін жалғасады. 17 желтоқсан күні Қарағанды қаласында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын көтереді. Кубадан келген 9 боксшы да осы додаға қатыспақ.  Құраманың бас бапкері  Карлос  Мануэль Перес Рейес Қазақстанға шақырған бокс федерациясының басшылығына алғысын білдіріп, екі ел боксшыларының арасында берік қатынас орнағанын айтты.