Президент • 04 Желтоқсан, 2023

Шығыста екі аудан құрылуы мүмкін

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады. Мемлекет басшысына облыстың биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Шығыста екі аудан құрылуы  мүмкін

aqorda_resmi

Облыс басшысы осы жылы жалпы өңірлік өнімі 4,4 триллион теңге болады деген болжам жасалып отырғанын айтты. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық құрамына аймақтан құны 1,1 триллион теңге болатын 42 жоба енген.

Биыл сомасы 77 миллиард теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде 37 ірі жоба орындалады. Оларға салынатын инвестиция мөлшері – 236,4 миллиард теңге. Елімізде алғаш рет жылына 4 мың тонна сұйық лецитин өндіру үшін күнбағыс тұқымын терең өңдеу әдісі енгізіліп жатыр.  Шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалуда. Атап айтқанда, осы бағыттағы жобаларға 22 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді. 2024 жыл облыста Жол жылы деп жарияланғаны туралы айтылды. Жолдарды жөндеуге және салуға бөлінетін қаржыны екі есе ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы 600 шақырым жолды және көшелерді жөндеу жоспарланған.  Риддер жылу электр орталығында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 6 қазандық агрегаты жөнделді. Бүгінде Риддер тұрғындары жылумен қамтамасыз етілген.  Шекара маңынан Марқакөл және Катонқарағай атты екі жаңа аудан құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев өңір халқының өмір сүру сапасын арттыру маңызды екенін атап өтіп, Шығыс Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндет жүктеді.