Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2023

Украин қызының ұшақта айтқан әңгімесі депутатқа ұнап қалды

815 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ұшақта болған қызықты оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украин қызының ұшақта айтқан әңгімесі депутатқа ұнап қалды

Халық қалаулысы қазақ тіліне құштар украин қызын кезіктірген. 

"Жолаушы Екатерина! Катяға риза болғаным, ұшақта 90 минут бойы қазақ тілін оқып, планшетте түрлі жаттығу, тапсырмаларды орындап келді. Ұшақ қонар сәтте шыдай алмай сұрадым:

- Не үшін қазақ тілін оқып жатырсыз?
- Мен Украинадан 1 жыл бұрын келдім. Қазір білім саласында жұмыс істеп жүрмін. Менің ойымша, қай елде өмір сүресің, сол елдің тілін әркім білу керек. Сол үшін үйреніп жүрмін. Бірақ сіздерде қазақтардың өздері қазақша білмейді екен. Сол нәрсеге таңғалдым.
- Ммм, иә бар сондай адамдар. Бізде қазақ тілін менсінбей жүргендер жетеді.
- Ол дұрыс емес. Білмесе, оқысын, үйренсін. Мүмкіндік көп қой. Мен тегін сайттарды оқимын, әрі 75000 теңгеге қазақ тілін үйрететін курс сатып алғанмын. Соны да қатар оқып жүрмін", деп жазды Дәулет Мұқаев. Украин аруы, тіпті бір жылда қазақ тілінде толығымен сөйлеуге уәде берген.