Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2023

"Көріпкел су маңынан ізде, әлі тірі деген". 4 жасар баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

18637 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түркістан жұрты үш күн іздеп, барша халық алаңдаған 4 жасар Айбардың денесі табылғанын айтқан белгілі журналист Гүлмира Әбіқай қайғылы оқиғаның хронологиясын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Көріпкел су маңынан ізде, әлі тірі деген". 4 жасар баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

«1/12. Екі кештің арасында ойнаймын деп көшеге шыққан бала ізім-қайым жоғалды. Ол әдетте үй маңынан ұзамайтын дейді анасы Әйгерім. Ойнаса да алысқа бармай, көршінің баласымен ғана бір нүктеде отырып ойнайтын, қайда кетуі мүмкін деп алаңдайды. Сол кеште-ақ полицияға хабар берілді. Балақайдың туған-туыстары мен ауыл жұрты із кесіп шықты», - дейді Гүлмира Әбіқай.

Түн өтіп, таң атқанымен Айбар табылмаған. Алаңдаған жұрт белгілі экстрасенс Кямран Самедовке шығып, жөн сұрайық деп шешкен.

«Кямранға қанша хабарласқанымен байланыса алмаған жұрт маған шығып сөйлесіп беріңізші деп өтінеді. Бәрі менің қолымда тұрса қане. Дегенмен, Айбардың анық фотоларын жүктеп мән-жайды жекесіне жібердім. Бір қарасам, Кямран өзінің Сочи жақта көшіп-қонып жүргенін айтып, байланыс нашар деді. Айбардың фотосына қарай салып «Он теплый, живой, ищите возле воды, далеко не ушел» дегенді жеткізіп үлгерді.

2-тәулік. Күндіз баланың анасымен сөйлестім. Өз айтарын видеомен жеткізуін сұрадым. Бірақ, ары қарай анасынан еш хабар болмад», - делінген жазбада.

Кешкісін көріпкел журналистке «Он полу теплый вижу, половина теплый, половина холодный, надо спешить Гульмира ханым, воду вижу, влага, дом, недалеко» деп жазған.

«Баланы жақын жерден, су маңынан іздеңіздер, деп сториске салып қойдым. Бірден Түркістан полициясы барлық ақпарат назарға алынғанын жеткізді. Жалпы, менің байқағаным, кенеттен балаңыз жоғалып, ол су маңында десе, есте болсын: су деген жылтыраған үлкен айдын көл, өзен ғана емес. Кішкентай лоток, канал, септик, люк, шалшық, тіпті, көршінің дәретханасы болуы да бек мүмкін. Су дегені ылғал дегенді білдіреді екен.

03/12. 01:50 Кямраннан тағы бір смс келіпті, сумен байланысты жерде жатыр бала, вряд ли живой деп қосыпты», - дейді жазба авторы.

Журналист әкесіне шет жағасын айтпақ болған, алайда ол тыңдағысы келмеген.

«Ал анасымен қазірге дейін 3 рет байланыстық, оған соңғы СМС-ті айтуға бата алмадым.

03/12. Сағат 15-терде бүкіл ел-жұрт бірнеше шақырымнан іздеген Айбардың денесі көршінің септигінен табылды.

Қош, періште.

Қара жамылған отбасыға қайғыра көңіл айтамын» - деп жазды Гүлмира Әбіқай.