Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023

Тұрғын үйді заңсыз жекешелендірген – прокуратура

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының прокуратурасы жергілікті әкімдіктердің қызметінде тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізіп, бірнеше заңсыздықтың орын алғанын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үйді заңсыз жекешелендірген – прокуратура

gov.kz

Осы күнде облыста тұрғын үй кезегінде 23 мыңнан астам адам тұр. Кейінгі үш жыл ішінде әкімдік 900-ге тарта пәтерді бөлген. «Тексеріс барысында тұрғын үйді заңсыз берудің, сондай-ақ тұрғын үй беру негіздері жойылғаннан кейін адамдарды шығармаудың 23 фактісі анықталды.

Мысалы, Көкшетау қаласында тұрғын үйді бюджеттік ұйымның бұрынғы қызметкеріне ұсынылды, ол бұған дейін 2 жыл бұрын пара алғаны үшін сотталған және берілген кезде бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуде. Тұрғын үйді заңсыз жекешелендірудің 2 фактісі анықталды.

Мәселен, аудан орталықтарының бірінде азамат жекешелендіруден жарты жыл бұрын басқа аймақта орналасқан басқа пәтерді сатты. Қадағалау актісі бойынша жекешелендірілген пәтер мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ коммуналдық тұрғын үйді заңсыз жалға беру, бюджетке 50 млн теңгеге жалдау төлемдерін төлемеу, табыстарын алдын ала тексермей, аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй беру фактілері анықталды», делінген хабарламада.

Заңсыз берілген пәтерлерді әкімдікке  қайтару мәселесі талқыланып,  тұрғын үйге нақты  мұқтаж адамдарға беру жайы қолға алынды.