Жаңа жүйеге студенттер, оқушылар мен мұғалімдердің, техникалық қызметкерлердің электронды суреттері мен аты-жөні енгізілген.
Құрылғының бейнекамерасына қараған кезде базаға тіркелген адамдарға турникеттер автоматты түрде ашылады. Ал сырттан келген бөтен адамдарға арнайы қызыл белгі көрсетіледі. Сәйкесінше білім беру мекемесіне бөтен адамдардың кіруіне тосқауыл қойылып, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Заманауи құрылғының тағы бір артықшылығы – білім алушылардың білім ордасына кірген-шыққан уақытын айқындап отырады.
Алматы облысы