Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023

Өмірінде балабақшаның да, мектептің де табалдырығын аттамаған балалар бар - Бас прокуратура

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде өмірінде мектеп партасына отырмаған балалар бар, олар балабақшаны да көрмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өмірінде балабақшаның да, мектептің де табалдырығын аттамаған балалар бар - Бас прокуратура

Сенатта отбасыда туындайтын дауларды талқылауға жиналған құзырлы орган өкілдері осындай мәліметпен бөлісті. Шалғай аймақтарды айтпағанда, мұндай жаға ұстатарлық жағдайлар ірі мегаполистерде де жиі тіркелетін болған.

Бас прокуратураның дерегінше, көбіне ішімдікке немесе есірткіге тәуелді ата-аналар баласын осындай деңгейге жеткізеді.

"Мыңға жуық балаға еш әлеуметтік мәртебе берілмегені анықталды. Бұл іске прокурорлар араласып, әрқайсысы қайда оқитыны, қай балабақшаға барғаны анықталып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бағдарламаны зерделегенде туысқандардың бір-біріне беріп жібергені, өмірі балабақшаға, оқуға бармаған балалар анықталды", - делінген КТК таратқан бақылаушы органның ақпаратында.