«2023 жылғы 5 желтоқсандағы сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты травматологиялық пункттерге шақыртулар туралы ақпарат: жалпы шақыртулар – 362, оның 59-ы балалар; 298 тұрғын (17 бала) көше бойындағы көктайғақтан құлап жарақат алды. 29 адам ауруханаға жатқызылды», - деп жаздыведомстводан.
Анықталғандай, көктайғақ салдарынан зардап шеккен балалар ауруханаларға түскен жоқ.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарына жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін мүмкіндігінше абай болып, ыңғайлы жалпақ табаны бар аяқ киім киюді ұсынады. Жарақат алған жағдайда дереу медициналық орталыққа хабарласыңыз. Сонымен қатар, өте қажет болмаса, әсіресе балалар мен зейнеткерлік жастағы тұрғындар үшін үйден шықпау керек.
Қатты көктайғақ салдарынан Астанада бір тәулікте 112 жол-көлік оқиғасы орын алды.