Саясат • 06 Желтоқсан, 2023

Еңбек мақсатындағы көші-қон жайы

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкі­лет­ті елшісі Тэ-ик Чжомен кездесті. Тараптар екі ел ара­сын­дағы еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселе­лерін талқылады.

Еңбек мақсатындағы көші-қон жайы

ФОТО: azattyq-ruhy.kz

Кездесу барысында вице-премьер Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдаушы тарап екенін атап өтті. Қазір мемлекетімізде 14 елдің азаматтары жұмыс істеп жатыр. Елімізде арнайы рұқсат қағазы арқылы еңбек етуге білікті кадрлар тартылуда. Республикада олардың қызметін реттейтін тиісті заң қабылданды.

«Сондай-ақ біздің отандастарымыз да алыс-жақын шетелде жұмыс істеп жүр. Қазірде қазақ­стан­дықтар еңбек етіп жатқан бірқа­тар мемлекетпен, оның ішінде Корея Республикасымен келіссөз­дер жүргізіп жатырмыз. Біз шетелде жұмыс істеп жүр­ген азаматтарымызды қорғау­ға мүдделіміз», – деді Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде Тэ-ик Чжо әлемнің 16 елінде Оңтүстік Кореяда жұ­мыс­қа орналасуға рұқсат беру жүйе­сі (EPS) бо­йынша оқыту ор­та­­лық­тары жұмыс істейтінін атап өтті. Ондағы мамандар тіл, сала­лық дағдылар, заңнаманы үйретеді.

Сонымен қатар вице-премьер біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.