Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2023

Алматы тауларында көктемгі гүлдер гүлдеп жатыр

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғат таңғалдыруын тоқтатқан жоқ. Мәселен, Алматы облысының таулы аймақтарында қыс мезгілінде көктемгі гүлдер бүр жарды, деп жазады Egemen.kz

Алматы тауларында көктемгі гүлдер гүлдеп жатыр

фото: ile_alatau_nationalpark/instagram.com

Іле-Алатау ұлттық паркінің мамандары бұл құбылыстың бірнеше факторлардың әсерінен орын алғанын атап өтті.

«Алматының рельефі әртүрлі биіктікті қамтитындықтан, жоғары биікте қар әдетте төмен аудандарға қарағанда ертерек түседі. Сол себепті қар түспеген таудың төмен белдемдерінде кейбір өсімдік түрлері, соның ішінде алғашқы көктем гүлдері де +10 градус ауа райы жағдайында гүл ашып жатқаны таңғаларлық құбылыс», деп түсіндірді мамандар. 

Сондай-ақ биылғы жаз мезгілі әлем тарихындағы ең ыстық жаз болып тіркелді.  

«Әдеттегіден тыс ауа температурасының жоғарылауы қыстың келмеуіне бірден-бір себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар ұзақ мерзімді климаттық тенденциялар, жаһандық климаттың өзгеруі маусымдық ауа райына, соның ішінде жауын-шашын мен температура режиміне әсер етіп, қардың түсуін кешіктіреді», делінген хабарламада.