фото: ашық дереккөз
Болжамға сәйкес, еліміздің шығыс және оңтүстік облыстарында қарлы жауын-шашын сақталады. Түнде ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, республиканың қиыр солтүстігінде -42 градусқа дейін төмендейді, республиканың орталығы мен шығысында 28-33 градус аяз болады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында 5-13 градусқа дейін төмендейді.
Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді.