Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023

Спорт журналистикасындағы тұңғыш күнделік-кітап жарық көрді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі журналист, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбекұлының жаңа кітабы оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт журналистикасындағы тұңғыш күнделік-кітап жарық көрді

sportpress.kz

Қазақ спорт журналистикасында  тұңғыш рет жарыққа шыққан  күнделік-кітап «Нартәуекел» деп аталады.  Мәжіліс депутаты,  КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы, жазғы Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері даңқты  балуан Дәулет Тұрлыхановтың  қилы-қилы тағдырын қамтыған.

ортасына

«Сұрмерген», «Бекзат», «Құзға біткен қарағай», «Тұлпардың тұяғы», «Манап мектебі», «Берікқазы», «Тұрлықан Қасенұлы», «Қазақтың 72 бапкері», «Саңлақ» сынды кітаптардың авторы Қыдырбек Рысбекұлы  «Қазақ балуандары», «Қазақ боксшылары», «Қазақ олимпиадашылары» сынды деректі жинақтарды да  оқырман  қауымға ұсынды.

Меценат азаматтардың қаржылай қолдауымен жарыққа шыққан «Нартәуекел» кітабының  тұсаукесер рәсімі Қарағанды қаласында өтті.