Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2023

Халықаралық сарапшылардың оң бағасы

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Сыртқы істер министрлігі «Саламатты планетадағы бейбітшілік, қадір-қасиет және теңдік. Сот төрелігінің рөлі және адам құқықтарын ілгерілету» атты брифинг өткізді. Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында ұйымдастырылған басқосу Конституциялық соттың бастамасымен қолға алынған.

Халықаралық сарапшылардың оң бағасы

Іс-шара бейбітшілік кепілі ретінде Халықаралық диалог жылын және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығын атап өтуді де мақсат етіп отыр.

Брифингке қатысушыларға Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Рогов және Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко алғы сөздерін сөйлеп, Қазақстанның Орталық Азиядағы ауқымды демократиялық және саяси реформаларды жүргізу­дегі, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау жөніндегі іске асырылып жатқан бастамалардағы маңызды рөлін атап өтті.

Адам құқықтарын қорғаудың түрлі салаларындағы мәселелерді талқылауға арналған диалог алаңы БҰҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, Қазақ­стандағы ХКҰ өкілдігі, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Еуропалық Одақ өкілдігі сияқты өңірлік жетек­­ші органдардың өкілдерін бірік­тірді. Диалог аясында бей­біт­ші­лікті қамтамасыз етудегі сот төре­лігінің рөліне және қазір­гі жаһан­дық сын-қатерлер мен орнық­ты даму перспективалары аясында адам құқықтарын көтер­мелеудің маңыздылығы­на байла­нысты өзекті мәселелер талқыланды.

Эльвира Әзімова Конститу­ция­лық сот өз қызметінде құқық үстемдігі мен адам құқық­та­рын қорғау қағидаттарын берік ұстанатынын атап өтті. Бұл саясатты іске асырудың маңыз­ды­лығы әлемдік қоғамдас­тықтың қатысу­шылары үшін туын­дай­тын тәуе­келдердің жаһан­­дық өзгерістері жағдайын­да ерекше маңызға ие болады. Конс­ти­туциялық сот басшы­сының пі­кірінше, құқықтық сын-тегеу­рін­дерге уақтылы ден қою және заңды құрметтеу мемлекет пен қоғам­ның орнықты дамуына елеу­лі үлес болып саналады.

Брифинг барысында Халық­ара­лық сараптамалық қоғам­дас­тық өкілдері Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы белсенді бастамаларын, еліміз­дің әділ және ашық қоғам құруға деген ұмтылысын атап өтіп, ынтымақтастыққа дайын екен­ін білдірді.