Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

«Әже, Президентті көрдім». Тоқаевпен кездескен бала жылап қалды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Іс-сапар барысында Президент бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, Smart Bilim мектеп-гимназиясына да ат басын бұрған еді, деп жазады Egemen.kz

«Әже, Президентті көрдім». Тоқаевпен кездескен бала жылап қалды

Фото: Aqorda.kz

Smart Bilim мектеп-гимназиясының жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы оқушылардың шығармашылығымен де танысты.

Президентке өз туындыларын көрсетіп, естелік суретке түскен 9-сынып оқушысы Шәмші Бақытжанов Қасым-Жомарт Тоқаев кеткен соң жылап қалды. 

Ол бірінші әжесіне қоңырау шалып, кездесуден алған әсерін бөлісіп, жылап қалды.

«Әже, мен Президентті көрдім деп хабарласқанда, әжесі де немересіне қолдау білдіріп, сенің қолыңнан бәрі келеді, оған күмәнданба», деп жауап берді. 

Оқушының бұл эмоциясын журналист Әділ Балтабаев алғаш болып Instagram парақшасында жариялады.