Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

-39° градусқа дейін аяз болады – «Қазгидромет»

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсан айында ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» болжауынша осы айда кей өңірде қар қалың түсіп,  боран соғуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

-39° градусқа дейін аяз болады – «Қазгидромет»

Фото: Kazlenta.kz

Оңтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Секундына 15-30 метрге дейін  жел тұрып, соқыр тұман басады. 7-15 желтоқсан аралығында суық арктикалық ауа массасының әсерінен Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде -39°С, күндіз -35°С дейін аяз қысады. Басқа облыстарда да түнде -18°С-қа дейін суытады.

Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтап,  дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шықпауға шақырады.