Оқиға • 07 Желтоқсан, 2023

Талғарда оқушыны жерге итеріп құлатқан мұғалім жазаланды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талғардағы 81 оқушы білім алатын жеке меншік мектеп мұғалімі оқушыны итеріп, жерге құлатқан. Оқу-ағарту министрлігі оқиға қазан айында болғанын нақтылады. Бүгінде сабақ үстінде педагогикалық этикаға жатпайтын дөрекі мінез көрсеткен мұғалім жұмыстан шығарылды, деп жазады Egemen.kz.

Талғарда оқушыны жерге итеріп құлатқан мұғалім жазаланды

Фото: tengrinews.kz

Мұғалім бастауыш сынып оқушысын тапсырманы дұрыс орындамағаны үшін ұрысып, тосыннан итеріп, еденге құлатқан. Ол мұнымен қоймай, «тұр, жатпа» деп дауыс көтеріп, бұйыра сөйлеген.

Видеоны tengrinews.kz -ке ата-аналар жолдағанТексере келе Талғардағы жеке меншік мектептің арнайы лицензиясы да жоқ екені анықтылды.

Прокуратура мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға қатысты: 

«Білім басқармасының мәліметінше, аталған оқиға осы жылдың қазан айында болған. Оқушының ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым жолдады. Өрескел қылық көрсеткен мұғалім қызметінен босатылды. Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», деп жазылған мәлімдеме таратты.